Ғарыш айлағын дамыту мәселесі көтерілді

Еліміз ғарыштық әлеуетін толық пайдаланбай отыр.

Сәйкесінше, бөлінетін қаржы да жыл өткен сайын қысқарып, сала құрдымға кетуге жақын. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ғалиасқар Сарыбаев айтты. «Кейінгі он жылдықта аэроғарыш саласын дамыту бойынша бір де бір мемлекеттік бағдарлама қабылданбағанын алға тартты. Бұлай жалғаса берсе, KazSat-3жасанды жерсерігін ұшыру тоқтап қалуы ғажап емес», - дейді сенатор. «Байқоңыр» ғарыш айлағына да сұраныстың төмендеуі жағдайды қиындатып отыр.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2-16 кейінгі жылдары «Байқоңыр» ғарыш айлағында коммерциялық ұшулар тоқтады. Солның салдарынан сұраныс төмендеді. Осы кешеннің қабілеттілігін сақтап қалу, жұмыс орындарын құру және ұлттық мамандар корпусын қалыпастыру мақсатында «Бәйтерек» жобасын іске асыруда жалғастыру қажет.