Су тасқынының жағдайы енді тәуілік бойы дрондармен бақыланады

Петропавлда жергілікті зауыт Төтенше жағдайлар департаментін өздері жасатйын ұшатын апараттармен қамтамасыз етті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Жедел штабтың жұмысын тексерді. Ол  төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мобильді топтар, арнайы техникалар, қосымша жүк тиегіштер, инертті материалдар тасқын қаупін жоюға дайын болуы керектігін баса айтты.