Энергетиктер де қолдау көрсетеді

«KEGOC» компанясының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жан-жақты қолдау көрсетеді.

46 жедел топ тәулік бойы кезекшілік атқарады. Себебі, су тасқыны кезеңінде тұрақты қуат көзімен қамтамасыз ету қажет. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр компания басшылығына топтарды жедел жұмылдыруды тапсырды. Ол бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын, Қызылжар, Есіл, Жамбыл және Мамлют аудандарындағы жағдайды әуеден бақылады. Ұшу барысында ол Сергеевка, Тимирязево және Степное ауылдарындағы бөгеттер мен үйінділерді нығайту жұмыстарының дайындығын тексерді.