Ақтөбе облысында 2 ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы 2 ауылдың тұрғындары  эвакуацияланды, деп хабарлайды 24KZ.

Себебі Торғай өзені көтеріле бастады. Нұра мен Мамыр ауылынан 80 адам аудан орталығына жеткізілді. Олар 3 мектеп мен 1 спорт кешеніне жайғастырылды. Жан-жағында бірнеше өзен мен көл бар бұл ауылдарға жылда су тасқынынан қауіп төнеді. Қазір жағалауларды биіктетіп, нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 110 адам мен 12 арнайы техника жұмылдырылды. 

Жалпы өңір бойынша су тасқынына қатысты жағдай тұрақтала бастаған. Су басқан аудандарда шығын көлемін анықтау үшін комиссия мен бағалау компанияларының өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Нұрбек Оралбаев, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы:

- Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймаларының судың келуі немесе суды жіберу көлемі біраз төмендетілді. Қар бітті. Сонымен қатар облыс аумағындағы өзендердің де деңгейі түсіп келе жатыр.