Су тасқыны: Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Өңірлерде тасқынмен күрес және салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Қызыл су басталғалы 100 мыңға жуық адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 10 мыңға жуығы үйлеріне оралды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми мәліметі осындай. Зардап шеккен елді мекендер мен эвакуациялық пункттерге мың тонна гуманитарлық жүк жеткізілді. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес батыс өңірлерді тасқын судан қорғау үшін 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды.