Қарағандыда робот-хирургтың көмегімен операция жасалды

Қарағандылық нейрохирургтар тұңғыш рет робот-хирургтың көмегімен миға күрделі операция жасады.

Эпилепсияның қиын түріне шалдыққан науқасқа көрсетІлген ем-шара сәтті өтті. Әмбебап машина көмегімен ми ісігін биоп-сиялау, мидың терең стимуляторын импланттау сынды операцияларды тез әрі сапалы жасауға болады. Робот-хирургты тәжірибелік сынақтан өткізу үшін Қытай дәрігерлері көмек көрсетті. Келешекте еліміздің клиникаларына осындай заманауи қондырғылар алынады.

Ғабит Махамбет, нейрохирургия және неврология орталығының жетекшісі:

- Робот бізге өте жақсы көмектеседі. Оталарымыз тез өтті. 1 әрі кетсе 2 сағаттың ішінде. Ешқандай асқынуды көрген жоқпыз. Келешегіміз осындай машиналарда болады деп ойлаймын.