Батыстағы ахуал. LIVE

Батыс Қазақстан облысына өзге өңірлерден 400-ге жуық техника тартылған.

Соның бір бөлігі Түркістан облысынан келді.

Мерей Қанапия, тілші:

- Оралдағы темір жол айлағында тұрмыз. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінен өлкедегі ахуалдың алдын алып, төнген қауіпті барынша азайту үшін техникалар, мамандар жұмылдырылып жатыр. Соның бір бөлігі түнгі сағат 01:00-де Түркістан облысынан келді. Әлі де түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін өңірге Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қызылорда облыстарынан да техникалар жұмылдырылған еді. Олар әрі қарай Жайық жайылған аймақтарға кетеді. Қазір жанымда Нұркен Молдашев, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары тұр. Бұл техника Оралдан бөлек қай аудандарға кетеді? 

Айта кетейік, облыста авариялық құтқару жұмыстарына еріктілер мен күштік құрылымдарды қосқанда барлығы 6 мыңға жуық адам, 683 техника жұмылдырылған.