Қазақстанда 111194 адам эвакуацияланды

Жалпы су тасқыны бойынша елдегі жағдай бақылауда тұр.

Өзен арналары мен су қоймалары күні-түні күзетіледі. Ең бастысы Жайықтың жағасы барынша биік-тетіліп жатыр. Азаматтық қорғау қызметтері су басқан аймақтардан 111 мың 194 адамды, оның ішінде 39 мың 222 баланы құтқарды. 11 мың 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала бар. 106 мың 551 мал басы қауіпсіз жерге айдалды.