ШҚО-дағы қауіпті аймақтар әуеден барланды

Шығыс Қазақстан облысындағы таулы аймақтарға әуеден мониторинг жасалды.

Қазір өңірде қардың еруі қарқынды. Өткен аптада өлкенің 60 процентін ақ ұлпа басып жатса, қазір бұл көрсеткіш 12 процентке төмендеді. Аэровизуалды барлау өзендердің деңгейі қалыпты екенін көрсетті. Дегенмен қардың ылғалдылығы жоғары. Қазір қызыл су қаупі төнген Марқакөл мен Қалжыр ауылы арасындағы жол учаскесі жөнделіп жатыр. Топан су сол жердегі 180 адам тұратын елді мекенге жайылып кетпес үшін арық қазуға тура келді.

Ринат Қондыбаев, ТЖД басқарма бастығы:

- Марқакөл - Боран бағытындағы жол бөлігін қарғын су басып қалды. Сол маңдағы ауылға қызыл су кіріп кетпес үшін жолдың үстінен арық  қазылып, судың бағыты бұрылды. Жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ал жалпы әуеден жүргізілген бақылау көрсеткіші жаман емес. Аймақтың 48 процентінде қар жатыр. Өзендердің деңгейі шекті мәнге жеткен жоқ.