Су тасқыны: ҚТЖ қосымша вагондар бөледі

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы су басу аймақтарына арнайы техниканы жедел жеткізу үшін қосымша вагондар бөледі.

Тиісті тапсырманы вице-премьер Қанат Бозымбаев берді. Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Қостанай станцияларынан бульдозерлер, тракторлар, самосвалдар, камаздар, тиегіштер, манипуляторлар, су тасқынымен күресуге арналған крандар Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларына бағытталды. ҚТЖ пойыздарымен авариялық-құтқару жұмыстарына қатысу үшін 4 мың құтқарушы, әскери қызметші тасымалданды.