Балық аулауға уақытша тыйым салынды

Бүгіннен бастап маусымның екісіне дейін Балқаш көліне құятын өзендерде балық аулауға тыйым салынды.

Себебі су маржандарының уылдырық шашатын кезеңі басталды. Осыған орай инспекция қызметкерлері балықшылармен бірге "Таза су айдындары" акциясын өткізді. Олар қайықпен Іле өзенінің Жетісу облысы аумағындағы бөлігінен бастап, Қапшағай су қоймасын шолып шықты. Арнайы ілгекпен ұзындығы 10 шақырымнан асатын ау жинап, ұсталған балықтарды қайтадан суға жіберді. Мұндай жұмыстар  Қаратал, Ақсу, Көксу, Лепсі өзендерінде де өтіп жатыр. Жалпы жыл басынан бері Жетісу және Алматы облысындағы су айдындарында 80-нен аса заң бұзушылық анықталды.

Ринат Қумашев Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:

- Аталған істер бойынша 1 млн 600 мың теңге шамасында әкімшілік айыппұл салынып, жыл басынан заңбұзушылықтардан 1 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық мемлекет пайдасына тәркіленді.