Ырғыз ауданында қауіп сейілер емес

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында су тасқынына қатысты жағдай алаңдаушылық туғызып отыр.

Қазір Торғай өзенінің тасуынан Нұра ауылының 34, Мамыр елді мекенінің 10 үйін су басты. Аталған ауылдардың тұрғындары толығымен эвакуацияланды. Енді су шаю қаупі бар Құйылыс, Жайсаң бай ауылдарының тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр.