БҚО-да 700 отбасы біржолғы көмек алды

Батыс Қазақстан облысында cу тасқынынан зардап шеккен 700-ден астам отбасына 150 миллион теңгенің біржолғы материалдық көмегі берілді, деп хабарлайды 24KZ.

Облыс орталығында тұрғындардан өтінім қабылдайтын қосымша 4 пункт ашылды. Дүние-мүлік пен үй-жайға келген шығынның есебі әлі анықталып жатыр. Су басқан 1200-дей үйдің қазір 124-і жарамсыз деп танылды. Жылжымайтын мүлікті тексеру-бағалау жұмыстары тасқынның беті қайтқан соң толық аяқталады. Саяжайдағы үйлерді қалпына келтіру мәселесі де жақын арада шешімін табады. 

Руслан Қасыбаев, ТЖД бастығының м.а.:

 - Саяжайлар бойынша бүгінгі күні 1905 саяжай үйі судың астында тұр. Олар бойынша комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Премьер-министрдің берген тапсырмасы бар, шешімі қабылданып жатыр. Арасында ТЖМ қызметкерлері бар, дрондар бар, фиксация жасап жатырмыз. Су кеткен кезде толықтай комиссия шығады, қандай шығын келгенін бағалап, сосын көреді.