Ырғыз ауданында қарғын судың қоршауында қалған 9 адам құтқарылды

Олар тасқын кезінде көлігімен жақын маңдағы ауылға жетуге тырысқан, деп хабарлайды 24KZ.

Алайда автомобилі суға батып кетіп, балаларымен далада қалып қояды. Кейін қолдарындағы 3 айлық нәрестемен мұнараны паналады. Зардап шеккендердің интернет пен телефон байланысы үзілген көрінеді. Абырой болғанда, Қорғаныс министрлгінің ұшқыштары көмекке келіп, отбасы қауіпсіз жерге жетті. Қазір олар Ырғыз ауданындағы мектепке орналасты.

Бейбарыс Ибраев, авиациялық эскадрилья штабының бастығы:

- Мал бағатын адамдар су басып қалғанда қашып шығып, адасып кеткеен. Қол бұлғап көріп қалып, алып келдік. 5 баламен далада қалған. Сондай көмек беріп жатқанымызға қуаныштымын.