Су тасқыны кезінде адамдардың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Су тасқыны кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Оның айтуынша, табиғи апат кезінде Абай облысында екі адам жоғалып кеткен. Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында бір бала суға батып қайтыс болды. Қазір бұған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала батып кетті. Ол оқиғалар бойынша қылмыстық істер тергеліп алдын ала тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша ғана шешім шығарылады.