Құлсары қаласындағы тұрғын үйлер дезинфекцияланып жатыр

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында судан тазартылған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар дезинфекцияланып жатыр.

Қазір 3 мекеме залалсыздандыруға жұмылдырылған. Судан тазарту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Тасқын кезінде Құлсары қаласында 3 мыңға жуық тұрғын үй суда қалған еді. Қазір суы сорылған ықшам аудандарды дезинфекциялау үздіксіз жүріп жатыр. Халыққа қажетті әлеуметтік нысандар да залалсыздандырылды.

Гүлсара Қажыбекова, «AJ DISINFECTION SERVICES» ЖШС директорының орынбасары:

- Құлсары қаласында дезинфекция жұмысын атқарып жатырмыз. 16 апрель 2024 жылдан бастап, жұмыстарды осы Құлсары қаласында бастадық. Жеке меншік үйлер, қоралар, шарбақтардың бәрі жасалады. Шарбақтың сырты, тротуар, жол бойы барлығы қамтылады. Күніне 50-45 үйді қамтимыз. Көшесімен қосқанда.

Бүгінде Құлсары қаласында 200-ге жуық тұрғын үй дезинфекцияланды. Бұл жұмыстарға қазір әскерилер де тартылған.

Талғат Хабибуллин, Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Қазір мынау мкр.Атырау ықшамауданында  судан құрғатылған үйлердің жұмыстары жүргізілуде. Барлық мекеме лицензияланған арнайы лицензиясы бар дезинфекциялау қызметін атқаратын мекемелер. Біздің басқарманың мамандарымен және әкімдіктің мамандарымен бұл жұмыстар қасында қадағаланып жүр. Біздің жұмысымыз езіліп жатқан ерітінділердің құрамы, сонвң сәйкес болуы және жасалып жатқан жұмыстарды қадағалау. Бұл жұмыстар алға қарай жалғаса береді. Осы су сорылып біткен жерлерде жалғасын табатын болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше ауызсудың сапасы да үнемі бақылауда. Мамандар бүгінге дейін 321 сынама алған. Тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ, дейді. Сондай-ақ тасқын судан алынған сынамалардан да қауіп анықталмаған.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов