Алматыда дәстүрлі «Көктем көркі-қызғалдақ» фестивалі өтті

Оқушылар сарайы ұйымдастырған экологиялық іс-шараға балалар белсенді қатысып, арнайы конкурстарда бақ сынады.

Қазақстан қызғалдақтың отаны саналады. Экологиялық-биологиялық орталықта қызғалдақтың 39 түрі өседі. Оның 18-і Қызыл кітапқа енген. Зерттеушілердің пікірінше көктемнің жаршысы саналатын дала гүлінің саны азайып барады. Оған мал жаю, жер жырту, жабайы гүлдерді жұлу секілді әрекеттер кері әсерін тигізіп отыр. Фестивальдің мақсаты-осы мәселеге оқушылар мен қала тұрғындарының назарын аудару. Балдырғандар қызғалдақпен көмкерілген көйлектерін киіп, сән байқауына қатысты. Безендірушілер композиция жасап жарысты.

Индира Құралбаева, экологиялық-биологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Балаларды қызғалдақты қорғау шараларына шақырамыз. Сондай-ақ біз қызғалдақтар жабайы түрде өсетінін, өскен ортасына балаларды апарамыз экскурсияға. Мысалы тауларға апарамыз, грек қызғалдағы өседі. Өзіміздің Алатау бөктерінде өсетін жаңадан шыққан Алатау кроксын көрсетеміз. Солай балаларды қызғалдақты қорғауға шақырамыз.