Жетісу облысында бір күнде 1000 көшет егілді

«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығына талдықорғандықтар да атсалысты.

Еріктілер, жастар, мемлекеттік қызметкерлер және коммуналдық мекеме жұмысшылары «Жастар» саябағын абаттандырды. 2015 жылы ашылған парк жүздеген қылқанжапырақты ағашпен көмкерілді. Талдың тез тамыр жайып өсуі үшін түбіне арнайы дәрумен салынды. Суару жүйесі де ретке келтірілген. Жыл соңына дейін жауаптылар қалаға 6 мың, ал, облыс аумағына 115 мың көшет егуді  жоспарлап отыр.

Әсет Қанағатов, облыс әкімінің орынбасары:

- Осы екі аптаның ішінде 20 мың түп ағаш отырғызды. Қалған отыз мың түп ағаш көтемде отырғызылатын болады. 60 мың түп ағаш күзде отырғызылатын болады. Бүкіл облыс бойынша жауапты мамандарды бекіттік. Ағаштар бәрі суарылатын болады.