Қазақстанда жемқорлыққа қарсы жаңа оқу жобасы ұсынылды

Жоғары оқу орындарына арналған жобаны «NARXOZ» университеті әзірлеген.

Оған БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының GRACE матреиалдары негіз болған. Отандық оқытушылар мен құқық қорғау мамандары, шетелдік сарапшылармен кездесіп осы бағыттағы білім беру мәселелерін талқылады. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда осы тақырыптағы үстел ойындары, оқулықтар мен әдістемелік материалдар таныстырылды. Мақсат жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, жастардың құқық сауатын арттыру.