Бүлдіршіннің қолы шығып кеткен: балабақша қызметкерлері жұмыстан шығарылды
Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында балабақшада жүрген бүлдіршіннің қолы шығып кеткен.
Ата-анасының айтуынша балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілмеген. Олар бұған тәрбиеші мен оның көмекшісін кінәлап отыр. Жалпы ауылдағы балабақшада бүлдіршіндерді тамақтандыруға қатысты да кемшіліктер анықталған. Ал қолы шыққан 1,5 жастағы қыз баланың анасы осы оқиғаға байланысты өңірлік білім басқармасы мен прокуратураға шағым түсірді.
Раушан Аяпбергенова, балабақша директоры:
-«Балапан» тобы жабылды. Тәрбиеші және тәрбиеші көмекшісі жұмыстан босатылды. Бүгінгі таңда балабақшамыз толық тексеруден өтуде және де барлық тексерістерге біз ашықпыз.
Батырбек Демократұлы, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Материалдық, иә болмаса моральдық шығындарды өндіру туралы ол кісіге құқық қорғау органдарына, сот жүйесіне шағымдануға толықтай мүмкіндігі берілген. Сондықтан ары қарай да компенсация өндіру туралы немесе одан басқа шығындарды өндіру туралы сотқа толықтай жазуға ата-ананың да өзіне ескертілді.