Таразда 15 жастағы қыз өгей әкесінен босанды

Таразда 15 жастағы бойжеткен ана атанды. Ал оның шешесі қызының аяғы ауыр екенін толғағы басталғанда ғана білген. Оған дейін кәмелетке толмаған қыз бәрін жасырып келіпті. Жас қызды 13 жасынан төсекке тартқан өзінің 54 жастағы өгей әкесі болып шықты. Мұны ДНК тестілеуі дәлелдеп отыр.

Қазір күдікті қамауға алынып, қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-ші тармағына сәйкес іс қозғалды. Өгей әке 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әлия Шатаева, №7 қалалық емханасының бас дәрігері:

- Үнемі осы өгей әкесімен бірге келіп жүрген қабылдауға. Дене құрылысында ешқандай өзгеріс байқалмаған. Өзінің тарапынан шағым болмағанан кейін ол жүктілік бойынша есепке алынбаған. Оған дені сау деген анықтама беріліп, ары қарай қыз медициналық колледжге оқуға түсіп кеткен. Нәресте біздің дәрігерлердің бақылауында. Жақсы салмақпен босанды. Психолог мамандар аймақтық медбике ол отбасымен жұмысты жүргізіп жатыр.