Астанада жасөспірім 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасады
Астанада 5 жасар балаға шабуыл жасалды. Жантүршігерлік оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жеделсаты ішінде болған. Бетперде киген кәмелет жасқа толмаған жеткіншек балаға күш көрсетіп, қолындағы пышақпен бетін бірнеше рет тілгілеп тастады.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, операция жасалды. Баланың жағдайы ауыр. Алайда өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал оған әлімжеттік жасаған жеткіншекті құзырлы орган өкілдері ұстады. Тергеу барысында күдіктінің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Тергеу басталды.