Павлодарда мектептерді дүрліктірген бұзақы іздестіріліп жатыр

Павлодарда жеті мектепке «бомба қойылған».

Телефон террористерінен осындай хабарлама түсті. Осыдан кейін барлық бала шұғыл эвакуацияланып, мектептерде құқық қорғау органдары жұмысқа кірісті. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, телефонмен хабар берген адам іздестіріліп жатыр. Жарылғыш зат туралы алғашқы қоңырау таңғы 11-де түскен.  Белгісіз жан 39-мектеп толығымен миналанған деп хабарлаған және ол балаларды шығаруға 20 минут уақыт беретінін айтқан. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жанар Белялова, Павлодар облысы ПД бөлімінің басшысы:

- Қаланың бірнеше мектебінде орнатылған жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері  қылмыстық іс қозғады. Жергілікті жерге шұғыл қызметтер шықты. Мамандар объектілерді тексеруді жүзеге асыруда. Осы іс шараларды өткізу үшін басқа шұғыл қызметтер қосылған. Полиция қызметкерлері осы фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша іс шаралар жүргізуде.