Астанада кальян ұсынған мекемелер жауапқа тартылды

Елордада кальян ұсынатын мекемелерге түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды 24kz. 

Тексеріс барысында 12 жеке тұлға мен 3 ойын-сауық иесі 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл арқалады. Жыл басынан бері тек Байқоңыр ауданының өзінде қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қор-қорды тұтыну бойынша 49 факті анықталған. 

Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 айлық есептік көрсеткіш айыппұл көзделген. Мекеме иелеріне 20-дан 60 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.