Ақмола облысында жасөспірім қызды мектеп автобусы қағып кетті
Ақмола облысы Қараөткел ауылында жасөспірім қызды мектеп автобусы қағып кетті.
Бала оқиға орнында көз жұмды. Оқиға Қараөткелдегі мектеп аумағында болған. 2015 жылы туған қыз баланы мектеп автобусының жүргізушісі басып кеткен. Аталған факт бойынша полиция тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.