Петропавлда кәріз құдығында жарылыс болды

Петропавлда кәріз коллекторында газ қоспасының жарылуы салдарынан бес адам күйік жарақатын алды, деп хабарлайды 24KZ. Апаттық бригада мамандары желідегі ақауды анықтау барысында газ ұшқыннан от тұтанып, жарылыс болған. Зардап шеккендер дереу қалалық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Дәрігерлердің қарауынан кейін бір науқас үйіне жіберілді, ал қалғандары хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Олардың басы мен мойын тұсын күйік шалған. Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қайрат Мәжитов, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты. Төртеуінің бетін күйік шалған. 10 күндей ауруханада жатып, ем қабылдайды. Бәрі жіті бақылауда.