Астана-Ақтау бағытындағы ұшақта жолаушы сөмкесі өртенді
Бүгін FlyArystan әуе компаниясының рейсінде жолаушы сөмкесі өртенді, деп хабарлайды 24KZ. Астанадан Ақтауға бет алған ұшақтың бортында 182 адам болған.
Әуе тасымалдаушысының айтуынша, бортсеріктер қызыл жалынды дереу өшіріп үлгерген. Ал әуе кемесі ұшу пунктіне қайта оралуға мәжбүр болды. Төтенше жағдай салдарынан рейс кейінге шегерілді. Жолаушыларға билетті басқа уақытқа тегін ауыстыруға немесе қаражатты кері қайтаруға мүмкіндік берілді.