Таразда өртенген цехтан 15 газ баллоны шығарылды

Тараздағы өндіріс орындарының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды 24KZ. Жалын 15 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 100 литрлік 15 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, тілсіз жауды ауыздықтады.

Апаттан 1972 жылы туған азамат зардап шегіп, медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайы жақсы, ауруханаға жатудан бас тартты.