ҰҚК заңсыз көші-қон қызметімен айналысқан күдіктілерді ұстады
Қазақстанда уақытша тұруға заңсыз рұқсаттарды рәсімдеді деген күдікпен бір топ адам ұсталды.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комиеті хабарлады. Комитет департаменті Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласында тексеру жүргізген. Алдын ала деректер бойынша күдіктілер 80-нен астам заңсыз рұқсат рәсімдеген. Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Заңсыз көші қон қызметін ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалды.