Павлодар облысында газ баллон жарылып, адам қайтыс болды

Павлодар облысында жекеменшік тұрғын үй өртеніп, 66 жастағы үй иесі қаза тапты.

Аудан орталығынан шамамен 100 шақырым қашықта орналасқан Михайловка ауылындағы оқыс жағдайға тұрмыстық газ баллонының жарылуы себеп болған. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қауіпсіздікті сақтамау салдарынан газ-ауа қоспасы жанған. Қызыл жалынға қарсы күреске Михайловка ауылының өрт сөндіру бекеті, 4 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Ахат Омаров, Железин ауданы №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

- Михайловка ауылында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар 11:28-де түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде  өрт сөндірушілер аттанды. Жалпы ауданы 80 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру барысында адамның мәйіті табылды. Өрт түскі сағат 14:00-де толық сөндірілді.