Ауа райының нашарлауынан соңғы екі тәулікте 380 адам құтқарылды

Соңғы екі тәулікте ауа райының нашарлауынан жолда қалған 380 адам құтқарылды.

Оның 49-ы бала. Бұл азаматтар боран, көктайғақ, қатты жел және жолдың көрінбеуіне байланысты эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 50-ден астам көлікті қар құрсауынан шығарды. Бас-аяғы авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуге 153 рет шыққан.