Қостанай облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Оңай олжа іздегендер негізінен Арқалық қаласының аумағындағы ауыл малын қолды қылған.

Олар жарты жыл ішінде 14 сиыр, 30 жылқы ұрлаған. Барлық шығын көлемі 25 миллион теңге деп есептеліп отыр. Ұрылар сатып үлгірмеген 15 жылқы иелеріне қайтарылды. Қалған шығын ақшалай өтеледі.

Ержан Бейісов, ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

- Аса ірі мөлшерде мал ұрлығын жасау бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысты жасағаны үшін олар мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.