Елордада сауда ойын-сауық орталығындағы өрт оқшауланды
Астанадағы «Сарыарқа» ойын-сауық орталығындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды 24kz.
Қызыл жалын орталықтың негізгі ғимаратына және оған қатпарлас салынған 2 қабатты нысанға таралған. «Оқиға орнынан 300-дей адам эвакуацияланды», - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар қызметі. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бүгін таң ата елордадағы ірі ойын сауық орталығында өрт тұтанып,
Бақытжан Мәуленбердиев, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:
- Өртке шақыру келіп түскенде өзіңіз көріп отырғандай, жабыстыра салынғаны анықталды. Қазіргі таңда жоғарғы ранг бойынша жұмыс істеудеміз. Жоғарғы рангта бес техника, 25 жеке құрам өрт сөндірумен айналысуда. Жалпы өрттің ауданы 50 шаршы метрді құрайды.