Алматыда жасөспірімдердің жаппай төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жасөспірімдердің жаппай төбелесінен кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды 24kz.
Алатау аудандық полиция басқармасы істі «Бұзақылық» бабы бойынша тергеп жатыр. Бұл жайт 20 ақпан күні болған. Алдын ала болжам бойынша өзара сөзге келіп қалған балалар біріне бірі жұдырық ала жүгірген. Олар Алматының бірнеше мектебінде оқитын болып шықты. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жанжалға қатысушылар медициналық көмекке жүгінбеген.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:
- Олардың әрқайсысының іс әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ осы жанжалға қатысқан барлық жасөспірімнің ата-анасына қатысты «Өз ата-аналық міндеттерін бала тәрбиелеудегі дұрыс атқармағаны үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартылды.