Ақтауда 300 адам көктайғақтан зардап шекті
Ақтауды ақ ұлпа қар басып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды 24kz.
Кешелі бері қатты желдің соңы боранға ұласып, бірнеше бағыттағы жол уақытша жабылды. Ауа райының қолайсыздығынан мектептерде сабақ 1 наурызға дейін қашықтан оқыту кестесіне ауыстырылды. Қар аралас жаңбырдан кейін көшелерде көктайғақ орнап, тайып жығылғандар көбейді. Өткен үш тәулікте облыстық көпбейінді ауруханаға 300-ден астам адам қаралыпты. Дені – егде жастағы әйелдер. Соның арасынан 27 науқасқа операция жасалып, травматология бөлімшесіне жатқызылған.
Бердібек Қамықан, облыстық аурухананың қабылдау бөлімінің травматолог-дәрігері:
- Көбінесе алатын тобық аймағының құлаған кезде қол-білезік буындарының жарақаттары, иық бөлігі сүйектерінің сынықтарымен жарақат алып келіп жатыр. Жай күндері, мысалы, бізге тәулігіне 50-60 адам қаралатын болса, мына қар жауғалы бері 120-140 қаралым. Көбейіп кетті адам. Сондықтан көшеде жүргенде абайлап, байқап жүрулеріңіз сұралады.