Таиландта қазақстандық және ресейлік туристер мінген катер жарылып кетті

Таиландта қазақстандық және ресейлік туристер мінген катер жарылып, артынша өртеніп кетті.

Жергілікті "Бангкок Пост" басылымының хабарлауынша, бас аяғы 6 адам яғни экипаж мүшелері, гид және саяхатшылар жарақат алған. Арасында біреуі Ресей азаматы. Негізі кемеге 30-дан аса адам мінген екен. Оқыс оқиға Майтон аралының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша жарылысқа кеме қозғалтқышындағы ақау себеп болуы мүмкін.