Қарағандыда жатақхана өртенді

Қарағандыда жатақхана өртеніп, 10 адам зардап шекті. Оқыс оқиға Евней Бөкетов атындағы университеттің студенттер үйінде болған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір олардың жағдайы тұрақты. Қосымша тексеруден кейін амбулаториялық ем-дом жасалады. Ал қызыл жалын толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдайға қоқыстың жануы себеп болған.