Павлодарда құрғақ шөп пен саяжай үйлеріндегі өрт оқшауланды
Павлодарда құрғақ шөп пен саяжай үйлеріндегі өрт оқшауланды. Қызыл жалынды ауыздықтау қатты екпінді желдің себебінен қиынға соққан.
Өрт елді мекендегі бау-бақшалардың бірінде пайда болған. Төтенше жағдай туралы хабарлама бірден 112 желісіне түскен. Аумақта аэровизуалды барлау жұмыстары жүргізілді. Өрт 50 гектар алқапты шарпыған. Оқиға орнына 145 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды.