ШҚО-да 76 адамды кене шаққан: дезинфекция жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстан облысының 76 тұрғынын кене шаққан, деп хабарлайды 24kz.

Медициналық талдау нәтижелеріне сәйкес кене энцефалиті анықталған жоқ. Дегенмен, мамандар сақ болу қажеттігін ескертеді. Өйткені мамыр айында күннің жылынуы эпидемиологиялық ахуалды қиындатуы мүмкін. Сол себепті қазір Өскемен, Риддер қалалары мен Қатонқарағай ауданында дезинфекциялау жұмыстары басталды. Мамандар ондаған шақырым жаяу жүріп, жүздеген гектар орманды және далалық алқапты өңдеп жатыр.

Сәуле Слямғазина, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында кенеден зардап шеккен 76 адам тіркелді. Медициналық көмекке жүгінген адамдар, олардың 95%-і кене эналифтіне қарсы серопрофилактикамен қамтылды. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалиті және лайм боррелиоз науқастары тіркелген жоқ.