Абай облысында үш адам суға кетті
Абай облысы Аягөз ауданындағы Ақшәулі ауылында үш адам өзенге ағып кетті, деп хабарлайды 24kz.
Куәгерлердің сөзінше, шаруа қожалығының жұмысшылары мал іздеп шыққан. Қаракөл өзенінен аспалы көпір арқылы өтпек болғанда көпір опырылып кеткен. 1967 және 1980 жылғы екі адамның денесі таңертең, ал үшінші адамның денесі бүгін түсте табылды. Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр.