Қостанайда мүгедектігі бар қыз баланы тәрбиеші үтікпен күйдірген

Қостанайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін балалар орталығында тәрбиеші 16 жастағы қызды үтік басып күйдірген, деп хабарлайды 24kz.

Мүгедектігі бар баланың денесіндегі күйік іздерін ауысымды қабылдаған медициналық қызметкер байқап қалған. Ол тәрбиеленушіні шұғыл түрде ауруханаға жіберді. Оқиға жария болысымен балалар орталығында қызметтік тексеріс жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша мекеме директоры мен екі тәрбиеші, санитар жұмыстан шығарылды. Қалғандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Заң бойынша күдікті 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әлия Мекебаева, Әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Бейнебақылау камерасына тәрбиеші баланың артынан үтікті жасырып келе жатқаны түсіп қалған. Мұндай әрекетке баруына отбасындағы мәселелер себеп болды деп ақталады. Дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызған жоқ, жарасына жағатын дәрі жазып берді. Қазір онымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.