Каспий теңізінде жер сілкінді

Сейсмологтар 27 сәуір, жексенбі күні кешке Әзербайжанның Каспий теңізіндегі акваториясында жер сілкінісін тіркеді.

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы таратты.

Магнитудасы 3,6 болатын жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 18:13-те (Астана уақытымен 19:13) тіркелді.

Жер сілкінісінің эпиорталығы 58 шақырым тереңдікте орналасқан.