Алматыдан 35 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, 2025 жылғы 10 мамырда Астана уақытымен сағат 20:00-ден 35 минут 22 секунд өткен кезде жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.
Есептік қарқындылығы (балмен есептегенде):
Алматы қаласы 2 балл
Қарасай қаласы (Қаскелең) 2 балл
Қарғалы ауылы 2 балл