Қарағандыдағы сауда орталығында өрт шықты
Оқиға кеше түнде болған. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша үшінші қабаттағы балалар киімі мен ойыншықтар сататын орын өртенген.
Орталыққа жедел жеткен құтқарушылар 130 шаршы метрдегі жалынды бірден сөндірді. 250-ге жуық адам эвакуацияланды. Өртті сөндіру үшін 60-қа жуық құтқарушы мен 20 арнайы техника жұмылдырылды. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.