ШҚО-да төтенше жағдайлар қызметіне 3400 шақырту түскен

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар қызметіне биыл 3 мың 400-ге жуық шақырту түскен. Өңірде жыл басынан бері 37 адам өрттен құтқарылды. Оның 12-сі бала. Сондай-ақ, 600-ге тарта азамат эвакуацияланды. Шомылу маусымында құтқарушылар 13 адамды судан аман алып қалды. Одан бөлек, апаттық құтқару жұмыстары кезінде 181 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.