Таразда үш күнде 3200 құқықбұзушылық анықталды
Таразда 3 күн ішінде жол ережесін бұзған 3200 жүргізуші жауапқа тартылды.
Олардың 1500-і қала ішінде жылдамдықты асырған. Ал 10 адам ішімдік ішіп, автокөлік басқарған. 6 автокөлік иесі қарсы бағытқа шығып, өрескел жол ережесін бұзса, 15 жүргізуші скутерді құжатсыз жүргізген. Сонымен қоса транзиттік көлікті сақтандырусыз басқарған 25 жүргізуші анықталды. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы екі апта бойы жалғасады. Айта кетерлігі, Жамбыл облысында жыл басынан бері 1298 жол көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылға қарағанда 27,5 пайызға көп.
Ержан Ибрагим, қалалық полиция басқармасының рота командирі:
-Күнделікті 12 кроло орнатылған қызметтік автокөліктерде 350-450 арасында жылдамдықты асыру бойынша бізге құқықбұзушылық тіркеледі. Бұл іс-шараның басты мақсаты жол көлік оқиғасының алдын алу бойынша қала ішінде қарыс бағытқа шығу жол көлік оқиғасының ең бір себебі болып отыр қазір. Сол себепті арнайы құрылғы орнатылған қызметтік автокөліктер осы 15-30 қыркүйек аралығында жұмыс атқарады және бұл іс-шаралар өзінің жалғасын табады.