Маңғыстауда 112 итбалықтың өлексесі табылды
Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутин елді мекендеріндегі теңіз жағалауынан итбалық өлекселері табылды.
Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі жағалау сызығын тексеру барысында 112 бас Каспий итбалығы өлі күйінде жатыр. Облыстық экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары жағалаудан су сынамаларын алды.