Алматыда асхана өртке оранды
Алматының Наурызбай ауданында асханадан шыққан өрт оқшауланды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше ғимарат балалар үйінің ауласында орналасқан.
Асханада адамдар жоқ. тәрбиеленушілер уақтылы эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылды. Қызыл жалын шарпыған шатырдағы өртті ауыздықтау үшін жедел штаб құрылып, төрт өрт сөндіру учаскесі жұмыс істеуде. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.