Павлодар облысында өрттен екі бала қаза тапты

Павлодар облысында үй өртеніп, екі бала ажал құшты. Қайғылы жайт Ертіс ауылында болған. Өрт сөндірушілер отқа оранған жер үйдің ішінен төрт баланы алып шығып, ауруханаға жеткізген. 

Алайда оның екеуі ғана аман қалған. Ал 2018-ші және 2021-ші жылғы екі бүлдіршін ауруханада көз жұмды. Дәрігерлердің бақылауына алынған 2010-шы және 2015-ші жылғы екі баланың жағдайы ауыр. Өрт себептері анықталып жатыр.

Берік Омаров, Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бакылау басқарма бастығының орынбасары:

- Таңғы сағат 08:36-да өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына келіп жетті. Сол сәтте үйдің толықтай отқа оранғанын көрді. Алайда құтқарушылар бірден үйде қалған адамдарды іздеуге көшті. 50 шаршы метр аумақты қамтыған өрт артынша толық өшірілді. Себептері анықталып жатыр. Осы орайда, Төтенше жағдай қызметі барлық тұрғындарға қауіпсіздік талаптарына бей-жай қарамауға шақырады.