Өскеменде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

ТЖМ өрт сөндірушілері Өскемен қаласындағы Ауезов даңғылы бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде пәтердегі заттар қойылған орынның жануы анықталды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автожол сатысын орнатып, түтінге толы бөлмеге кірді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.